Еліміздің барлық аумағында мемлекеттік Ту төмен түсірілді

373

0

Сурет ашық дереккөз

Бұл – тәуелсіз ел тарихындағы он үшінші, ал осы жылдағы екінші қаралы күн.

Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында мемлекеттік Ту төмен түсірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды.

«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген өкімде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<