Еліміздің ірі қалаларында ауа райы бұзылады

514

0

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 12 қараша күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің бірқатар қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болмақ. Синоптиктер Астанада да 12 қарашада жаңбыр жауады деп болжады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,6 м/с болады. Шымкентте бүгін жаңбырлы күн деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 11 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 7,9 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<