ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ – АСТАНА

396

0

ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ - АСТАНА Жалағаштықтар Астана күнін ерекше атап өтті. Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өткен думанда аудан басшысы Қ.Сәрсенбаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

 Еліміздің бас қаласының «Астана» атауы, оның мән-мағынасы, ежелгі Сыр халқына басқаларға қарағанда, етене жақын. Бұл өңірде еліміздің қалыптасуында айрықша орын алған қазақтардың үш астанасы болды. Ежелгі Сығанақ қаласы Қыпшақтар астанасы болса, Жанкент шаһары оғыздар мемлекетінің бас қаласы, ал Қызылорда атанған Ақмешіт Қазақстанның алғашқы астанасы еді  – дей келе, Елордамыздың еңсесі биіктей беруіне тілек білдірді. 

Мерейлі мерекеде бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғысы табысталды. Әсем әндер шырқалып, көрермендер шаттыққа бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<