«Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады

474

0

Фото: ашық дереккөз

Банк барлығы 80 несие береді

2024 жылдың 1-6 ақпан күндері аралығында «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап сағат 09.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады (өтінім беру жөніндегі нұсқаулық zhilfond.kz сайтының осы бағдарлама бойынша хабарландыруында, «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылған).

Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Банк барлығы 80 несие береді.

Бағдарламаның шарттары:

– қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге;

– бастапқы жарна – 10%;

– қарыз бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%;

– несиелеу мерзімі 25 жылға дейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<