Елордада Азия чемпионаты өтпек

533

0

Фото: ашық дереккөз

10-12 ақпан аралығында Астанада жабық алаңдағы жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионатын басталады.

«Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтетін турнирге 30-дан аса елден 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Айта кетейік, жабық алаңда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

Жарыс бағдарламасы:

Әйелдер:
1. Жүгіру – 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру – 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Ядроны итеру;
12. Эстафета-4×400 м;
13. Бессайыс.

Елордада Азия чемпионаты өтпек

Ерлер:
1. Жүгіру – 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру – 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Гептатлон;
12. Эстафета-4×400 м;
13. Ядроны итеру

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен Қазақстанның спорт қайраткерлері қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<