Елорданың бас шыршасы жағылды

540

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілген. Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында шыршаны жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Іс-шара қонақтарын «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<