Емдеу ұйымдарына 36 жаңа көлік берілді

321

0

Емдеу ұйымдарына 36 жаңа көлік берілді Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстың емдеу алдын алу ұйымдарына жаңа санитарлық автокөліктердің кілтін табыс етті.

Аймақта алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, өңірімізде әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жағынан республика бойынша алдыңғы орында.

«Бүгінде облыстың жедел жәрдем қызметі бір орталыққа үйлестірілген. Аралдан Жаңақорғанға дейін аралықтағы шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастың барлық қажетті ақпараты бір жерге жинақталып, медициналық көмек көрсетуде жылдамдық пен сапаға қол жеткіздік», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Еске сала кетейік, өткен жылы емдеу ұйымдарының материалдық базасын толықтыру мақсатында 53 санитарлық автокөлік табысталды. Ал бүгін 36 санавтокөлік берілді. Оның 7-уі – мамандандырылған көлік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<