Емхана қызметкерлерімен кездесті

737

0

Бүгін Сырдария ауданынң әкімі Берік Сәрменбаев аудандық емхана қызметкерлерімен кездесіп, дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында ауданның бас дәрігері Жалғас Үсенов аудандық емхана бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Аудан басшысы кездесуден кейін емхана жұмысымен танысып, күндізгі стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын білді.

Жалпы ауданда 110 төсектік аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық бекет халыққа қызмет көрсетеді. Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов пен Қалжан ахун ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекет күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 405 млн теңгеге Н.Ілиясов ауылында амбулатория құрылысы жүргізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<