Өзіңіз қаралып жүрген емхана ойыңыздан шықпай жүр ме?
Олай болса, емханаға бармай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы таңдаған емханаңызға тіркеле аласыз. Ол үшін сізге керегі:
✓✓Egov. kz. Электронды порталына кіру.
✓✓»Денсаулық сақтау» бөліміне өту
✓✓»Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдау.
✓✓Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтініш жолдайсыз.
Бұл қызметті тұрғылықты мекен-жайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы –
Халыққа қызмет көрсету орталығы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<