Емханада ашық есік күні өтті

560

0

Емханада ашық есік күні өтті «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында №3 қалалық емхана ғимаратында ашық есік күнін өткізді. Мақсаты – құқықтық сауаттылықты дәріптеу, түрлі санаттағы халықтың пікірін тыңдап, заңнамалық сипаттағы сұрақтарға жауап беру, бірлесіп шешу. Халықты мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен еркін тілдесуге мүмкіндік қарастыру, азаматтардың өтініштерін қабылдап, бұзылған құқықтарын тиісті орындарға жеткізу. Сонымен қатар азаматтардың заңдық көмек алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ашық есік күніне заңгер мен аталмыш емхананың дәрігерлері қатысты. Шара барысында мамандарға емделушілер мен қызметкерлер өз сауалдарымен жүгінді. Емделушілер тарапынан келіп түскен шағымдардың басым бөлігі емханада мамандардың жетіспеушілігіне қатысты болды. Атап айтқанда, педиатор, балалар ортопеді, нефролог, невропатолог. Емхана әкімшілігі бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығынан және жақын арада шешілетіндігінен хабардар етті. Сонымен қатар квота алу, портал арқылы ауруханаға жату, тегін дәрі-дәрмек алу бойынша сұрақтар қойылды. 
Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу тәртібі де түсіндірілді. Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіретін таратпа материалдар да үлестірілді.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<