Ең басты құндылық

1061

0

Ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – ұлттың рухы, жігері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы тәуелсіздігінің құдіретті күші де ұлттар достастығы, ел бірлігі және Елбасының салиқалы саясатында жатыр.


Мемлекетіміз осындай аз ғана уақыт ішінде көптеген ірі эконо¬микалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіп¬сіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – негізгі стратегиялық бағыт¬тардың жүзеге асырылуында.


Тәуелсіздік – киелі ұғым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел… Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті», деді. Бұл тәуелсіз елімізге ауадай қажет ой. Себебі, бірлік – ұлтты сақтаудың бір кепілі. Демек, ел бірлігі – ең асыл қасиет.

Осы жылдар ішінде татулығы арқасында тыныштық орнатып, бейбіт пейілі арқасында берекесін бекемдеген Қазақстан халқы жасампаз жолға түсті, бақуатты болашағының іргетасын қалады.
Біз Тәуелсіздікті ұлық тұтып, тұрақтылықты дәріптеу, ынтымақтан ырыс теріп, бірлікті бекемдеу арқылы өзге елдер өнеге ететін, санасатын іргелі мемлекет құрдық. Барды бағалай білуге тиіспіз. Әр жаққа тартып, кері кетпеуіміз керек, бірліктің бесігін тербетуіміз керек. Заманмен бірге ер жетуіміз керек. Оянуымыз керек, ой алуымыз керек.


Қазіргі жаһандану дәуірі ауызбіршілік танытып, жаһандық сын-тегеуріндерге бірлесе қарсы тұра алмаған мемлекеттерге қауіп төндіреді, тіпті оларды тарихтың күресінінде қалдырады.
Президентіміздің білікті басшылығы, халқымыздың келісімді ісі арқасында Қазақстан қаншама дағдарыстан, замана сындарынан аман өтері сөзсіз. Бүгінде біз: «Барымыз зор, жоғымыз болса толар, ең бастысы – еңселі еліміз мынау!» деп қасқая тұрып, мақтана айтатын дәрежедеміз. Әйтпесе, жаһандану жағдайында жоқтықтың қанжығасына байланып, халқының күтімі мен жерінің бүтіндігіне жете алмай, зарланған жұрттар қаншама.
Қазақстан халқы өзінің бірлігі және мемлекетінің қуаты арқасында пандемия әкелген нәубеттерді де абыроймен еңсеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған ірі міндет-мұраттар лайықты жүзеге асуда.

Талай зар заман мен аласапырандарды бастан өткерген апайтөс Еуразия құрлығының дәл кіндігіндегі Ұлы Далаға иелік еткен еліміз ары қарай да әр өңіріндегі, әр саладағы табыстарымен рухтанары сөзсіз.
Жаңа дәуір әр істің оңтайын тауып, орайын келтіруді талап етеді. Азаттықтың ақ таңы атқалы жетістіктер рухын бойына сіңіріп үлгерген, ірі бастамаларды ұтымды іске асыруды үйренген халқымыздың кез келген сынақты еңсеру қолынан келеріне бек сенімдімін.


Мәңгілік ел құру үшін бір ұрпақтың өмірі аздық етеді. Тек көп ғасырлық бірлік пен сабақтастық, тек ұрпақтан ұрпаққа берілер ортақ мақсаттар ғана осынау ұлы міндетті шешу үшін ұлтты ұйыстыруға қабілетті.
Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз.

Б.Әлмеш,

Қызылорда облысының
Әділет департаменті басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<