Еңбек адамы құрметке лайық

1140

0

Астана қаласында өткен ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы:

– Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек, – деді.

Шынымен ең бірінші кезекте сала мамандарына олардың атқарып жүрген жұмыстарына көңіл бөлу қажет. Бұл еліміздің өркендеуіне септігін тигізеді. Еңбек адамы құрметке ие болса, қоғам жаңарып, мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түседі.

Сондай-ақ, Президент өз сөзінде:

– Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз. Осы қағидаттар менің сайлау алдындағы тұғырнамамда нақты көрініс тапты. Мен оның әр сөзіне, әр сөйлеміне терең мән бердім. Сайлауалды бағдарламам – бұл ұзақ ой-толғау мен ізденістің нәтижесі. Тіпті, жүрегімнен шықты десем, артық айтқандық емес.
Халықтың бастамаларға қолдау білдіріп, үлкен үміт күтіп отырғанын білемін. Тұғырнаманың әрбір тармағы толық орындалуға тиіс. Мен ол үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Осыған байланысты арнайы Жарлыққа қол қоямын. Бұл Жарлық нақты іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бағдарламаның мүлтіксіз орындалуын жеке бақылауыма аламын, – деді.

Мұның барлығы – Жаңа Қазақстанның өркендеп дамуы жолындағы негізгі бастамалар. Сондықтан, Жаңа Қазақстан үшін аянбай, бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет.

Райкүл Байназарова,

Облыстық қоғамдық штаб мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<