Еңбек дағдысы – болашақ кепілі

589

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің өндірістік аймағында пластик терезе жасайтын оннан астам жазасын өтеуші еңбек етуде.

Соның бірі Н. есімді жазасын өтеуші азамат. Жұмыс беруші кәсіпкердің сөзінше бұл еңбек етуші бастапқыда басқа әріптестеріне көмекші болып жүрген.

Уақыт өте бұл іске деген қызығушылығы артып, барлығын тез-ақ меңгеріп алды. Нәтижесін көргендіктен болар, жазасын өтеп шыққаннан соң бұл ісін әрі қарай жалғастыру ойында барын жеткізді.

– Жазасын өтеушілер бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні анық. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешуге бір ықпалым тисін деп, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамтудамын. Кәсібім қазіргі таңда көңіл қуантарлық нәтижеге ие. Алдағы уақыта тұтынушы талабына сай еңбек етушілер санын көбейту жоспарда бар, – деді өз сөзінде кәсіпкер Айбек Сәдірбеков.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<