Еңбек дағдысы – табысты болашақ кепілі

445

0

Сурет: Ашық дереккөз

Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында алты кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі полистиролбетон блок шығаратын цех.

Маусымдық жұмыс болғандықтан әзірге 6 адам жұмыс жасауда. Наурыз айынан бастап тұтынушы талабына байланысты адам санын көбейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мекеме басшылығының рұксатымен сотталғандарға видеокурс жүргізілуде. Видеокурста полистиролбетон блоктарды қалай шығарылатыны, құрал-саймандармен танысу жіті көрсетілген. Үш жыл көлемінде жұмыс жасап жатқан сотталғандар шығаратын өнім тұтынушылар сұранысына ие.

– Осындай видеокурстарды өткізу өте пайдалы. Жұмысшы жұмыс барысын өз көзімен көріп, жұмыс берушілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, бостандыққа шыққанда дайын маман атанады. Қазіргі уақытта біздің цехта жұмыс жасап, еркіндікке шыққан 2 адам осы салада жұмыс жасауда, –дейді кәсіпкер Санат Шалбуов.

– Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемемізге шақырамыз, – деді бөлімше бастығы, әділет капитаны Бағлан Қалиев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<