Еңбек ұжымдары алғысқа бөленді

131

0

Фото: Қала әкімдігі

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһардың тазалығы және көркейту-көгалдандыру қызметін жандандырып, уақыттың қай мезгілі болса да міндетті шаруасын ширата білетін «Қызылорда тазалығы» мен «Жасыл Қызылорда» мекемесіне қала әкімі Нұржан Ахатов барды. Онда еңбек ұжымдарының жұмысшыларымен жүздесті.

Еңбек ұжымдары алғысқа бөленді
Фото: Қала әкімдігі

– Қазіргі қоғамда еңбек адамына құрмет ерекше. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Біз ел болып еңбек адамын қадірлей білуіміз керек. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады» деген болатын. Осы бағаны әрдайым құптаймын және маңдай тер, адал еңбек иелері Сіздерге алғысымды білдіремін, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Еңбек ұжымдары алғысқа бөленді
Фото: Қала әкімдігі

Шаһар басшысы қос мекеменің беделі мен берекесін көтеріп келе жатқан жұмысшыларға санаториялық-тынығу орындарына жолдама табыстады. Айта кету керек, бұл бастама облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<