Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Нұржан Ахатов тоқсан сайын аудан халқымен кездесулер өткізуде.
Мәселен, бүгін аудан басшысы Еңбекші ауылының тұрғындарымен кездесуде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, биыл аудан бойынша 6 бірдей елді мекенге газ жүйесі жүргізіліп жатқандығын, дегенмен қамсыздықтың қапыда қалдыратындығын айтып, қысқы отынды сайлауды ұмытпауды ескертті.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<