Еңбекті қорғау – адамды қолдау

372

0

Фото: ашық дереккөз

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі. Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар болып табылады. Еңбекті қорғау қатынастарын және қауіпсіз еңбек шараларын реттейтін заңдар жиынтығы – ҚР Еңбек кодексімен қаралады.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жауапты тұлға қалай тағайындалады?

Ұйым бойынша еңбекті қорғауға жауапты тұлғаны тағайындау қажет. Сонымен бірге, тұтастай ұйым бойынша еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға ретінде ұйым басшысы тағайындалады, ал еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жауапты тұлға болып техникалық инспектор болады. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Бақылаудың мақсаты – қызметкерлерге пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.

Жұмыс орындарында жарақаттанудың негізгі себептері:

  • еңбектіңнашарұйымдастырылуы, қызметкерлердіңеңбектәртібінбұзуы,
  • техника қауіпсіздігінсақтамаусалдарынаналынғанжарақаттар болыптабылады.

Еңбекті қорғаудағы негізгі қағидаларға мыналар жатады:

Қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

Адам мен азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;

Кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түріне тыйым салу;

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек; қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында біріңғай талаптарды белгілеу

Қызметкердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

Тынығу құқығын қамтамасыз ету;

Қызметкерлер мен жұмыс беруші өздерінің құқықтары мен міндеттерін, мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қатамасыз ету.

Еңбекті қорғаудың басты мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау болғандықтан,  Адам — ең құнды ресурс, сондықтан адам өмірін сақтау және қамқорлық барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілерінің басты міндеті.

Асылбек Жүсіпбаев,

№ 143 орта мектебіндегі еңбекті қорғау

жөніндегі техникалық инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<