Ер есімі – ел есінде

600

0

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов және прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысында шейіт болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп және Жеңістің 76 жылдығына арнап мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Ер есімі - ел есінде

Қиян кескі соғыста Отан үшін от кешіп, жанын берген аталарымыздың ерлігін еске алып, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғауда майдандастарымен бірге өшпес ерліктерімен есте қалды.


Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында еліміз бойынша 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа аттанды. Көптеген прокурорлар майдан даласынан оралмады.


Соғыс аяқталған соң прокуратура қызметкерлері барлық салада, әсіресе ауыл шаруашылығын қалпына келтіру бағытында белсенді жұмыс істеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<