Ерасыл – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

2405

0

Жерлесіміз ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 81 келіге дейінгі салмақтағы спортшы қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Бес тәсілді сәтті қолдана білген ол табанды күресте серпе көтеруде күміс медаль және құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік оның спорттық мансабындағы тағы бір маңызды белес болды. Осылайша 17 жастағы спортшы өзінің табандылығы мен шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп, ел абыройын әлемдік аренада асқақтатты. Зілтеміршінің жұлдызының жануына бапкері Айдар Ералиевтің үлесі зор.

Айта кетейік, Ерасыл бұған дейін жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023),  атағына ие болған.

Оның тұрақты жетістіктері еліміздегі жасөспірім спортшылар үшін үлгі болып қана қоймай, спорт саласындағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<