Қызылордада бірнеше жолақты үлкен жолдарға ерекше жол белгілері қойыла бастады. Белгінің басты ерекшелігі – жарыққа шағыласатындығында.
Автокөлік жүргізушісі жарық шағылыстыратын таяқшаның жарығы арқылы жаяу жүргіншіні 130 метр қашықтықтан байқай алады. Белгілер әзірге тәжірибеден өткізілуде. Егер нәтижесін берер болса, еліміздің барлық аймақтарына енгізу ұсынылмақ.
Көше қанша жарықтандырылғанымен, көлік тізгіндеген жандар жолаушы жолағының үстінде келе жатқан адамды байқамай қалады. Әсіресе, бұл балалар үшін тым қауіпті. Биылдың өзінде балалардың қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 жөсіспірім дүниеден өткен. Адам өміріне қатысты бұл жағдайдың басым көпшілігі түн мезгілінде болған. Жарыққа шағылысатын таяқшалар осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін қойылып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<