Ерен еңбек еткендер құрмет төрінде

630

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық академиялық драма театрында өткен ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс шарада Сыр Елінің бірқатар тұлғаларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жоғары мемлекеттік наградаларын табыстады.

Жаңақорған ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына орасан зор үлес қосқан, ұзақ жылдар бойы жергілікті мемлекеттік басқару саласында абыройлы қызмет атқарған Әзия Қыстаубаева «ҚҰРМЕТ» орденімен, Серхожа Ыдырысов «ІІІ дәрежелі ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» орденімен және жаны жомарт кәсіпкер – меценат Марлен Искаков «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен наградталды.

– Жерлестеріміздің алған мемлекеттік наградалары аудан жұртшылығына жоғарғы билік тарапынан берілген шынайы ықыласы еңбектің еленгені деп білеміз. Атқарылған жұмыстың, төккен тердің нәтижесі бағаланып жатқаны қандай керемет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді қайта жаңғырту «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы бастамалары мен тапсырмаларын әркез қолдай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз, – деді аудан әкімі.

Ерен еңбек еткендер құрмет төрінде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<