Ережені ескеру қажет

390

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін әлеуметтік нысандарда болуы ықтимал өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында құрылған комиссия Әйтеке би кентіндегі жұртшылық көп шоғырланатын орындарды аралады.

Атап айтсақ, «Алғыс» киімдер әлемі, құрылыс заттар сату орны, «Ай арыс», «Марлен», «Назерке», «Іңкәр» сауда орталықтары мен «Арай» сұлулық салоны, «Жаным сол» караоке клубы, «Гауһар тас» балабашалары, монша, дәріхана, шаштараз, көлік жуу орындарында, «KIWI» маркетінде болып, зерделеу жасады.

Комиссия мүшелері аудан әкімінің кеңесші Бахытжан Дүзелбайұлы, Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Сауытбекұлы, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Қаражанұлы зерделеген нысандарда анықталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіруді ескертті.

Түсіндірме барасында табиғи газды тұтынудағы қауіпсіздік ережелер жазылған парақшалар таратылды.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<