Ерлі-зайыптылар өз таңдауын жасады

583

0

Саяси науқан күні отбасылық өмірге бірге қадам жасаған жаңақорғандық ерлі-зайыптылар өздері тұратын аймақтағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Ел дамуына бей-жай қарай алмайтын жас отбасылар кезектен тыс ҚР Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар сайлауына бару әрбір шаңырақ көтерген отбасылар үшін маңызды қадам деді.

Себебі, мемлекет пен отбасы құндылығы бәрінен де биік. Осы қағиданы берік ұстанған жас жұбайларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық берілді.

Еске салайық, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<