Есептік мерзімде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді

248

0

Фото: автордан

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының 2023 жылғы және 2024 жылдын 7 айында атқарылған жұмысы бойынша есеп тындалды.

Есептік мерзімде азаматтарға 2 млн. астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы 1,5 млн. жуық қызмет алғандығын айтуымыз керек. Жылдан жылға қызылордалықтар арасында проактивті қызметті пайдаланушылар саны ұлғаюда. 2023 жылдын қортындысымен 29249 адам қызмет алса, осы жылдын 7 айында бұл көрсеткіш 15865 құрауда. Тұрғындар 160 мыңға жуық әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша қызмет түрін пайдаланды.

«Азаматтардын хал актілерін тіркеу бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім тіркеліп – 31 957 көрсетуде. Сәуір айында жұмысын бастаған постаматтар арқылы қызылордалықтарға бүгінгі күнге дейін 300 жуық құжаттар табысталды. Есептік мерзімде жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық тексеру бойынша 142 мыңнан астам қызмет көрсетілді», – деп атап өтті филиал директоры Аида Абибуллаева.

​Халық қалаулыларына «Жайлы қызмет» жобасы таныстырылды. Аталмыш жоба өз кезегінде азаматтарға өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді тиімді әрі жылдам түрде алуын қамтамасыз етеді.

Аталмыш жобаның артықшылығы мемлекеттік қызмет көрсететін салаларын бір жерде шоғырландыру арқылы азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау. Бұл өз кезегінде азаматтарға өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді тиімді әрі жылдам түрде алуын қамтамасыз етеді.

Тұрақты комиссия мүшелерінің ұсынысымен жұмыс тобы құрылып жобаны жүзеге асыру үшін регламентін анықтап, техникалық мүмкіндіктерді қарастыру тапсырылды.

Есептік мерзімде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<