«Есірткі армандарды өлтіреді»

141

0

Арман – әрбір адамның қазынасы. Әрбір адам өзінің армандарынан үлкен мүмкіндіктер мен жарқын болашақты көреді. Алайда, осы армандардан адастырып, мақсаттарға және денсаулыққа қауіп төндіретін жол-нашақорлық.

Есірткі – бұл жай ғана химиялық зат емес. Ол рухыңды ұрлайтын мейірімсіз күш. Уақытша ләззат беріп, өмірлік күш-қуатыңызды ұрлайтын қақпан. Ол сананы тұмандап, денені әлсіретеді, отбасы мен достардан ажыратады. Бір сәттегі қателік бүкіл өміріңізді күлге айналдыруы мүмкін.

Бостандығыңды, денсаулығыңды, болашағыңды құрбан етпе!

Саған лайықты өмір – салауатты өмір! Спортпен шұғылдан, білім ал, өзіңді дамыт! Есірткіге «ЖОҚ» деп айт! Өйткені сенің өмірің, сенің армандарың – одан да қымбат! Өз армандарыңмен жарқын болашағыңа адал бол!   Өмірді таңда! Болашақты таңда!

Өмірдің шынайы биігін бағындыру үшін тек тазалық пен ерік-жігер қажет. Есірткі армандарды өлтіреді. Өз арманыңды өзің қорға!

Қаракөз Майдақара,

№85 орта мектеп

8 «Ә» сынып оқушысы

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы