Есірткі армандарды өлтіреді

555

0

Құрметті жас ұрпақ!

Бүгінгі күн – сенің болашағыңның бастауы. Әрбір жүректе бір арман, бір мақсат бар. Сол арманға жету үшін таза ой, мықты денсаулық және табандылық қажет.

Ал есірткі – оның  бәрін жойып жіберетін қауіпті у. Ол бір сәттік ләззат бергенімен, мәңгілік өкінішке айналады. Есірткіге үйренген адам өз өмірін ғана емес, ата-анасының, достарының үмітін де өшіреді. Армандар, жоспарлар, жарқын болашақ – бәрі есірткінің тасасында жоғалады. Сондықтан, достар, өз өмірлеріңді бағалаңдар! Есірткіге жоламаңдар! Таза өмір сүріп, өз мақсаттарыңа ұмтылыңдар.

Болашақ – сендердің қолыңда! Армандарыңды қорға, өзіңді сақта! Біздің болашағымыз – біздің қолымызда. Білім, еңбек, дос-жаран және отбасы – шынайы қуаныш пен мақтаныш әкеледі.

Қиын сәттерде қолдау сұрау – әлсіздік емес, қайсарлық. Есірткі адам ойын тұмшалап , шығармашылығы мен  еркін  таңдауына қолқа салады. Жасампаздықты ,армандарды және денсаулықты таңдаңыз.

Есірткіге «жоқ» деп айтыңыз. Себебі әрбір арманымыз қымбат, әрбір өмір маңызды. Біз бірге болсақ – мықтымыз!

Есіңде болсын: нағыз батыр өз арманы үшін күрескен адам. Спортпен айналыс, кітап оқы, сурет сал – міне, осылар сені биікке жетелейді. Арманыңды қорға! Өміріңді сақта!

Есірткі – өмірдің жауы, арманның өлімі! Есірткісіз өмір ғажайып! Таза өмір – жарқын болашақтың кілті!

Айқын Айғаным,

5-сынып оқушысы,

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп

Қазалы ауданы

Жалаңтөс батыр ауылы