Есірткі – арманды тұншықтырып, болашақты бұғаттайтын қауіпті қақпан. Жас кезде таңдау көп сияқты көрінгенмен кейбірі өмірді түбегейлі өзгертеді. «Бір ғана» деген сөздің соңы көбіне «соңғысы» болмайды. Бүгін сенің алдыңда мың мүмкіндік тұр, солардың қайсысын таңдайсың – өз еркіңде.
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қамы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», дейді Абай атамыз. Бойымыздағы ең қолайсыз қасиеттердің бірі, менмендік болар. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» халқымыздағы ең жаман қарғыстың бірі. Ойлап қарасақ, адам баласы қателікті жасамайынша, оның қателік екенін саналы түрде мойындағысы келмейді. Алайда, түбі өкінішпен аяқталатын қорқынышты әрекетке бой алмауға әрбіріміздің үлесіміз орасан зор болмақ.
Өзіме зияны тимесе болды деп жәйбарақат жүріп, Абай айтқан хайуанның бірі болудан аулақ болайық. Білгеніңмен бөлісіп, адамзаттың келешегіне яки, оң пайдамызды тигізсек, парасатты қоғам құруда мүмкіндігіміз көп болмақ. Алла «Өмір» атты кемеде тұңғиыққа батпай, өн бойымыздағы көркемдік пен мейрімділік желкенімізді көтерсін!
#есірткігеқарсы
Маржан Бекарысова,
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенті.





