Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде 404 түп сора өсімдігі егілгенін анықтады.
Жедел тергеу тобының іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының 58 және 29 жастағы тұрғындары ұсталды. Оқиға орнын тексеру кезінде 404 түп, салмағы 70 келіге жуық жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккені анықталды.
Қазір күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<