Есірткі – адам денсаулығы мен өміріне аса қауіпті зат. Оны қолдану адамды тәуелділікке алып келеді, ал тәуелділік адамның ойлау қабілетін, мінезін және болашағын бұзады. Есірткі қолданатын адамдар көбінесе оқуынан, жұмысынан айырылып, қоғамнан оқшауланып қалады.
Ең қауіптісі – есірткі жас ағзаны тез улайды. Жүрек, ми, бауыр сияқты маңызды мүшелер зақымданып, ауыр ауруларға әкеледі. Сонымен қатар, есірткі қылмысқа, отбасылық жанжалдарға және қайғылы жағдайларға себеп болады.
Есірткіден сақтанудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану. Спортпен айналысу, пайдалы істермен шұғылдану және жақсы орта таңдау адамды жаман әдеттерден қорғайды. Егер біреу есірткі ұсынса, батыл түрде «жоқ», —деп айту керек.
Әр адам өз болашағы үшін жауапты. Таза өмір – бақытты өмірдің кепілі.
Айару Әлібекқызы,
Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектебі КММ-сі
8 сынып оқушысы.
Жетекшісі: Мусаева Сабира Қостайқызы





