«Есірткісіз болашақ» байқауы жарияланды

717

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 25 наурыз – 15 маусым аралығында, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Қызылорда облысы көлемінде теледидар және баспасөз тілшілері арасында жыл сайын өткізілетін есірткіге қарсы үздік репортаж және мақала сайысы жарияланады.

Сайыстың мақсаты: есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және бұқара қауым арасында есірткіге иммунитет қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру.

Қойылатын талаптар:

Тележурналистер: 1) ағымдағы жылдың 25 наурыз – 15 маусым аралығында, есірткіге қарсы бағытында 8 (кем емес) репортаж, бағдарлама, кездесу, т.б.) дайындап, телеарнада көрсету;
2) 10.06.2023ж. – 15.06.2023ж. аралығында
ОПД ЕҚҚІҚБ-на тапсыру:

  • 2023 жылдың 01 қаңтар – 15 маусым аралығында есірткіге қарсы бағытында әзірленіп телеарнада көрсетілген репортаждың (бағдарлама, кездесу, т.б.) DVD-RW/R дискісіндегі көшірмесін;
  • барлық ұсынылған бағдарламаның жазбаша түрде дайындалған мәліметтерінін;
  • көрсеткен телеарна, жариялаған радиоарна атауы, күні, уақыты көрсетілгендігі немесе жарияланғандығы жайлы анықтамалар – ұсынылған видео санына сәйкес;
  • дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) номерін ақпарат парағында тапсыру;

Ескертпе: әзірленген көрсетілімдер, тек есірткіге қарсы бағытында болуы тиіс.

Баспасөз журналистері: 1) ағымдағы жылдың 25 наурыз – 15 маусым аралығында, есірткіге қарсы бағытында 8 (кем емес) мақала дайындап, басылымда (газет, журнал) жариялау ;
2) 10.06.2023ж. – 15.06.2023ж. аралығында
ОПД ЕҚҚІҚБ-на тапсыру:

  • 2023 жылдың 01 қаңтар – 15 маусым аралығында есірткіге қарсы бағытында мақалалар жарияланған басылымдарды (скриншот, басылым атауы мен жарияланған күні көрсетіліп);
  • дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) номерін ақпарат парағында тапсыру;
    Ескертпе: жарияланған мақалалар, тек есірткіге қарсы бағытында болуы тиіс.

Сайысқа тапсырылатын құжаттар upndpkzo@mail.ru электронды поштасына ағымдағы жылдың 10 – 15 маусым аралығында жолданады. Құжаттар электронды түрде қабылданады.

Сайыстан жеңімпаз болып шыққандарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Ескертпе: – сайысқа тапсырылатын құжаттар, т.б. 15.06.2023ж. кейін қабылданбайды;

  • сайысқа қатысушылардың жасына шектеу жоқ;
  • сайыскермен тапсырылатын материалдар саны 8 (сегізден) кем болмауы керек;
  • бір ұжымнан қатысатын сайыскерлер санына қойылатын шектеулер жоқ.
  • атап көрсеткен құжаттар толығымен тапсырылмаған жағдайда сайыскер сайысқа қатыстырылмайды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<