Есірткісіз өмір ғажайып!

930

0

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен.

Есірткі, нашақорлық – бүкіл қоғам қасіреті. Бүкіл әлемді жайлап жатқан нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан жұқпалы ауру сияқты. Бүгінде дүниежүзі ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Бірақ бұл жұқпалы ауру уақыт өткен сайын асқынып бара жатыр.

Есірткі заттарын қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы оқушылар. Бұл жаста олар әр нәрсеге еліктегіш, бейімделгіш, көргенін қайталағысы келіп тұрады. Бір күндік рахат пен ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» білмей қалады. Адам өмірі арба секілді, қатты жүріп бара  жатқан арбаның сені қай жерден тастап кететіні белгісіз. Сондықтан да, есірткінің зардабы қай жерге дейін апарары беймәлім.

Біз – еліміздің болашағымыз! Есірткі – еліміздің, халқымыздың дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет. Біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек. Ал Қазақстанның болашағы мына біздер, өсіп келе жатқан жас ұрпақ қолында екенін естен шығармауымыз керек.

Жаман әдеттерден жиреніп, салауатты өмір салтын ұстанып, «Қазақстанның болашағын бірге құрайық!» дегім келеді.

Нұрайым САЙЛАУБАЕВА,

№82 орта мектептің 9-сынып оқушысы

Арал ауданы, Қаратерең ауылы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<