Есірткісіз өмір ғажайып

1441

0

Мен – Тәуелсіз елдің болашағымын! Мен байтақ елде өмір сүріп жатырмын! Менің болашаққа қойған мақсаттарым бар! Мен сол мақсаттарымды іске асырам!

Әрбір адамның өз мақсаты бар. Олар мен секілді бір арманның, мақсаттың артынан қумайтын шығар. Бірақ олар өздері шешім қабылдайды. Кім болатынын, не істейтінін.

Бірақ олардың көбісі дұрыс емес жолға түсіп жатады. Дұрыс емес жолдың бірі – есірткі қабылдайтындар. Еліміздің болашақтары өздерін есірткі қабылдап құртып жатыр. Мен осы Тәуелсіз елдің болашағы бола тұра басқа адамдардың өзі- өзіне зиян келтіріп жатқанын көре алмаймын. Көп жерлерде көрсетеді (теледидардан, интернеттен) есірткі сататын адамдарды ұстағаннын немесе қабылдаған адамдарды. Есірткі сататындар көп ақша табады. Өйткені есірткі қабылдаушы адамға есірткінің қанша тұратынында шаруасы жоқ. Оған тек есірткіні алғаны маңызды және де қабылдағаны! Есірткіге жоламаймын ешқашан қабылдамаймын деген адам, бір күні қабылдап кетуі мүмкін. Өйткені есіртке сататын адам оған »міне дәмін көр бұл ащы емес тәтті» деп айтуы мүмкін немесе басқаша айтуы мүмкін мысалы: »сен қорқып тұрсың ба? Өй қорқақ сен қорқақсың сол үшін қабылдамай тұрсың» деп айтады! Бірақ есірткіні қабылдамаған адам ғана қорқақ емеспін деп айтады алады.

 Өздерінің болашағын өз қолы мен бұзып жатыр бұлай жасап. Сіз есірткінің кесірінен болашағыңызды құрқыңыз келеді ме? Есірткі ешқандай құндылық емес. Сіз кемінде 30-35 жыл өмір сүрерсіз, одан артық өмір сүруіңізге мүмкіндік аз болуы мүмкін. Осындай аз өмірде бар арманыңызға, мақсатыңызға жете аласыз ба? Жоқ, жете алмайсыз! Міні осыдан басталады сіздің қиын өміріңіз. Сіз бір күні есірткіні қабылдағаныңыз үшін өкінуіңіз мүмкін. Өкінесіз неге мен есірткіге жоладым? Неге отбасымның жанында болмадым деп? Неге армандарымды іске асырмадым деп?. Неге мен құндылықтарымды жерге таптадым деп!

Әрбір адамның құндылығы бар. Менің құндылықтарым –  отбасым, достарым, өмірім, денсаулығым және де мақсаттарым. Ал сіздің құндылықтарыңыз қандай?

 Сіз арманыңызды тастамай қусаңыз, өміріңіздің қалай өзгеріп келе жатқанын түсінесіз. Шаршамай қуа беріңіз, соңында қалай қуанып, бақытты, бай өмір сүріп жатқаныңызды көресіз. Сіз осыған қол жеткізесіз!

Біз жақсы жол мен жүруге тырысу керекпіз. Ата-анамыз бізге тәрбие, білім барлығын берді. Біз олардың үмітін ақтайды деп! Жақсы жолмен жүрсек ата-анамыздың үмітін ақтап шығамыз.

Өмірде әркімнің – мақсаты бар. Біз бақытты өмір сүруіміз өзіміздің қолымызда. Кейбір кезде қиындықта болады. Бірақ қиындықты жеңуге болады.

Мен салауатты өмір салтын таңдаймын! Мен өмір сүргім келеді, армандағым, оқығым келеді. Біз елде құндылықтардың не екенін айтып түсіндіруіміз керек. Мен сыртқа шыққанда қорқынышсыз жүргім келеді. Сол үшін біз есірткінің зиянын түсінуіміз керек!

Сағыныш Сұлтамұратова,

№2 Абай мектебінің

8 «Е» сынып оқушысы

Қызылорда қаласы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысқа
#ҚЗОПДЕҚҚІҰбайқауына
@upndpkzo

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<