Есірткісіз өмір ғажайып

1178

0

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Мен өмірді қалаймын! Бұл менің өмірлік ұстанымыма айналған сөз. Мектеп жасында болсам да өмірдің қаншалықты қымбат екендігін жете ұғынамын. Өмірді мәнді де мағыналы сүру әр адамның өз қолында. Мен ата – анамның, ұстаздарымның, достарымның ортасында армандарыма жеткім келеді. Өз мақсаттарыма қол жеткізу үшін ең алдымен салауатты өмір салтын ұстанамын. Мектепте салауатты өмір салтына байланысты іс – шаралар жиі өтіп тұрады. Ақпарат қарыштап дамыған заманда күнделікті әлеуметтік желілерден, ғаламтордан түрлі қорқынышты жайттарды естіп, көріп, біліп отырамыз. Мен оғаш қылықтардан бойымды аулақ салып, өз денсаулығыма жете көңіл бөлуге ден қоямын, спортпен шұғылданамын.

Бірде сынып жетекшіміз бізге нашақор жастар, олардың қор болған өмірі, көрген қиыншылығы жайлы қойылымнан бейнеүзігінді көрсетті. Жас жігіт өмірдің аздаған сынағына төзе алмай, морт сынып, нашақор атанып, анашаға тәуелді болады және сол нашаны табу үшін барлығын сарп етеді. Ақшасынан, дүние – мүлігінен, барынан, жолдастарынан айрылады. Нашақорлармен бірге денсаулығын құрдымға жібереді. Жас жігітті тек бала кезінен бірге өскен дос қызы ғана сол кеселден арашалап, өмір құндылықтарын түсіндіре отырып, спортпен шұғылдануға үндеп, аман алып қалады. Осы қойылым маған үлкен әсер қалдырып, ой салды.

Ғасыр дерттерінің бірі — нашақорлық. Қоғамда «Есірткі есіңді алмасын!», «Нашақорлыққа жол жоқ!» деген сияқты нашақорлыққа қарсы акциялар жиі өткізіліп, үндеулер айтылады. Дәрігерлер тарапынан ақыл – кеңестер беріліп сол кеселдің зияны, алдын – алу туралы насихат жұмыстары жасалады. Дегенмен әр азамат өз өмірінің өз қолында екендігін ұмытпауы шарт. Мен есірткісіз өмірді таңдаймын. Достарымды да жат қылықтан аулақ болуға шақырамын.

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Данагүл БЕКМАҒАНБЕТ, № 43 орта мектебінің оқушысы, Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<