Ескерткіштер – ел мұрасы

821

0

Кеше Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясында «Ескерткіштер – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты көрме ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, мерекеге орай сала мамандарын Алғыс хатпен марапаттады.

Аталған көрмеге ардагерлер, суретшілер, мектеп оқушылары қатысты. Онда жергілікті археологиялық және сәулет ескерткіштерінің фотолары, қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер, архивтік құжаттар мен баспа өнімдері және қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылды.