Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында «ОІІД бастығының сыйлығына» Қызылорда облысы көлемінде теледидар, радио және баспасөз тілшілері арасында жыл сайын өткізілетін есірткіге қарсы үздік репортаж және мақала сайысы жарияланды.
Сайыстың мақсаты: есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру.
Қойылатын талаптар:
Тележурналистер үшін:
1) ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында есірткіге қарсы бағытында 5 (кем емес) репортаж, бағдарлама, кездесу, т.б. дайындап, телеарнада көрсету;
2) 25.05.2018ж. – 30.05.2018ж. аралығында:
– телеарнада көрсетілген 5 (бес) репортаждың (бағдарлама, кездесу, т.б.) DVD-RW/R дискідегі көшірмесін, жазбаша түрде дайындалған мәліметтерін, көрсеткен телеарна, жариялаған радиоарна атауы, күні, уақыты көрсетілген 5 (бес) анықтама, дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек.
Баспасөз журналистері үшін:
1) ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында есірткіге қарсы бағытта 5 (кем емес) мақала дайындап, басылымда (газет, журнал) жариялау;
2) 25.05.2018 ж. – 30.05.2018 ж. аралығында:
– мақала жарияланған 5 (бес) басылымды, дайындаған журналист жайлы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек;
Сайысқа тапсырылатын құжаттар ағымдағы жылдың 25 – 30 мамыр аралығында Қызылорда ОІІД Есірті бизнесіне қарсы күрес басқармасында қолма-қол негізде (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 ғимарат, №415 қызмет бөлмесі, телефон: 29-56-20) қабылданады. Құжаттар электронды түрде қабылданбайды.
Сайыс жеңімпаздары болып танылғандарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Ескертпе
– сайысқа тапсырылатын құжаттар 30.05.2018 жылдан кейін қабылданбайды;
сайысқа қатысушылардың жасына шектеу жоқ;
сайыскермен тапсырылатын материалдар саны 5 (бесеуден) кем болмауы керек;
бір ұжымнан қатысатын сайыскерлер санына қойылатын шектеулер жоқ.
атап көрсеткен құжаттар толығымен тапсырылмаған жағдайда сайыскер сайысқа қатыстырылмайды
АУДАН ТІЛШІЛЕРІ ӨЗДЕРІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН 2018 жылғы 30 мамырға ДЕЙІН КЕЛІП ТҮСУІН ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖОЛДАЙ АЛАДЫ (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 ғимарат, №415 қызмет бөлмесі, ОІІД ЕБҚКБ).
Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<