Еуро-2024: 18 маусымда қай құрамалар ойнайды?

187

0

Фото: ашық дереккөз

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының бесінші ойын күні, 18 маусымда екі ойын өтеді. 

Алдымен 22:00-де F тобында Түркия мен Грузия ойнайды. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Екі құрама бүгінге дейін 5 мәрте кездескен. Оның 3-еуі түркиялық құраманың басымдығымен аяқталса, 1-еуінде тең нәтиже тіркелді. Бір ойында грузиялық футболшылар жеңіске жеткен. 

Құрлықтық додада Түркия төртінші мәрте бақ сынап отырса, Грузия алғаш рет қатысуда. 

Одан кейін аталған топтағы тағы бір кездесу Португалия мен Чехия ойыны 23:55-ке белгіленген. Кездесуді жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Екі құрама бұған дейін 5 мәрте шеберлік байқасқан. Олардың 4-еуінде Португалия жеңсе, 1-еуінде Чехияның мерейі үстем болды. 

Португалия биыл құрлықтық доданың финалдық сатысында сегізінші мәрте ойнап жатса, Чехия да дәл сол көрсеткішті қайталап отыр. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Е тобында Румыния Украинаны 3:0, Словакия Бельгияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал, D тобындағы Франция Австрияны 1:0 есебімен жеңді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<