Еуропада құс тұмауы өршіді

648

0

Сурет: pixabay

Еуропада құс тұмауы қайта өршіді. Франция үкіметі індеттің таралу қаупі «жоғары» деп бағалап, шаруа қожалықтарына сақтықты күшейтуді жүктеді.

Құс тұмауы Дания, Италия, Германия, Нидерланд, Франция мен Бельгияның шаруа қожалықтарында көптеп тіркелуде.

Осы елдерде соңғы бір аптаның өзінде 2 млн-нан астам қанаттының көзі жойылған.

Былтыр індеттің кесірінен Еуропаның 37 мемлекетінде 50 млн құс өртелген болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл сондай шығын шықпас үшін биліктегілер шаруа қожалықтарына тауықтарды сыртқа шығармай, жабық жерде ұстап отыруды жүктеді.

Вирустың алдын-алу үшін күзде Францияда 250 үйрекке құс тұмауына қарсы вакцина салынған болатын. Екпе тиімділігін дәлелдесе, өзге елдер де індетпен күресте осы шараны қолға алмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<