Facebook әлеуметтік желісі лайктан бас тартуы мүмкін

357

0

Facebook әлеуметтік желісі лайктан бас тартуы мүмкін Facebook әлеуметтік желісін жасаушылар лайктан бас тартуды қолға алды. Қазір лайксыз режим тестіден өтуде. TechCrunch басылымының мәліметінше, Android платформасындағы Facebook қосымшалары лайксыз режимге көшіп жатыр. 
Сондай-ақ бұдан былай мессенджердің қолданушылары лайктың жалпы санын көре алмайды. Осы қадам арқылы Facebook қолданушыларын лайкқа тәуелділіктен арылтуға тырысып көрмек.  Бұған дейін мұндай қадамға Instagram және Twitter желілері барған еді. Instagram-ның әзірлеушілері осындай жол арқылы қолданушылардың назарын негізгі контентке аудармақ. Себебі біреудің лайк саны біреудің көңіл-күйін бұзуы мүмкін. Бұл бәсекелестік психологиялық ауытқуға шалдықтырып та жатыр.
Мұның әсерінен балалардың ой-санасы да улануда. Мұны ескерген компания өкілдері бұдан шығар жол таппақ. Ал жақында ТМД елдерінде танымал ВКонтакте желісі де трендке ілесе түсті. 5 тамыз күні кейбір ВК қолданушылары лайктың өздігінен жоғалып кеткенін байқаған. Артынша компания өкілдері мұның жүйедегі қателік емес екенін, әдейі жасалған қадам деп түсіндірді.

Дереккөз: https://massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<