Фариза Төреәлі әйелдерге үндеу жасады

327

0

Фото: ашық дереккөз

Танымал блогер Фариза Төреәлі ер мен әйелдің қарым-қатынасын нығайтатын ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақында ана атанған блогер, сәбиімен Өзбекстанда саяхаттап жүр. 

“Дархан екеумізде бөпемен ұшуға еш тәжірибе жоқ. Қанша ұшып жүрсек те, баламен жүргендерге мән бермеппіз. Кішкентай қызым үшін қатты қобалжығаным рас. Әкесі әдеттегідей, “бәрі жақсы болады” деп мені сабырға шақырды. “Қорқып отыра берсек, алыс шетелдерге қалай шығамыз?! Бастысы, жеңіл қарау керек”, деп тыныштандырды. Содан қызымыз Өзбекстанға жеткенше әкесінің қолында ұйықтап келді”, – дейді блогер. 

Айтуынша, блогердің ата-ана болып шыққан алғашқы сапары екен. Әлі Америкаға кету жоспары да жоқ емес. Саяхатты ұйымдастыру – күйеуінің міндеті көрінеді. 

“Дархан саяхаттағанды жақсы көреді. Осы жолы Италия, Венецияларға барғысы келіп отыр. Мен бірден келістім. Үнемі солай. Күйеуім не айтса, соны жасаймын. Ер адамның шешімдеріне мойынсұнуда береке бар. Алла заңдылығы сол. Әйел адам бәрін шешіп кетсе қиналады. Себебі ол оның табиғаты емес. Бәрін күйеуге қалдырып, рахаттанып жүрген жақсы емес па?! Тек өзімізді шектеп қалып, қателік өзімізден болмаса болғаны”, – деп жазды желі жұлдызы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<