Федерация президентімен кездесті

714

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановпен кездесті. Басқосуда Сыр еліндегі бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде күресті кеңінен насихаттау сөз болды.

Аймақ басшысы Президент тапсырмасына сәйкес, балаларға арналған спорт үйірмелерін көбейтіп, онымен айналысатындар санын арттыру үшін өңірде кешенді жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Дәулет Тұрлыханов биыл күрестен республикалық және әлемдік деңгейдегі сайыстар саны артқанын атап өтті. Сонымен қатар, Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатқан еркін, әйелдер және грек-рим күресінен ҚР чемпионаты үлкен сайыстардың алдында берілген мүмкіндік екенін жеткізіп, оған жастарды көбірек баулу қажеттігіне тоқталды.

Айта кету керек, чемпионат 16 сәуірде, яғни, бүгін аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<