Фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілуде

668

0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына жүргізіліп жатқан орман мелиорациялық жұмыстармен танысу үшін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы бес жыл ішінде 1,1 млн гектар сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілуде

Биылғы жылға жалпы аумағы 250 000 га жерге орман мелиорациялық шаралар жүргізу көзделді. Оның ішінде, жергілікті бюджеттен 12000 га жерге сексеуіл көшетін отырғызу, 32000 га жерге сексеуіл тұқымын себу және 51400 га жерге орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шараларын жүргізу, республикалық бюджет қаражаты есебінен 64547 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу және 90 053 га жерге орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шараларын жүргізу жоспарланған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Арал, Қазалы орман мекемелерімен АТҚТ-ында сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары 12026 га жеріне жүргізіліп, 3,6 млн дана сексеуіл көшеті отырғызылды.

Сондай-ақ Арал, Қазалы, Қармақшы орман мекемелерімен 2023 жылға ағаш отырғызу жоспарланып, 96200 гектар жерге топырақ дайындау жұмыстары орындалды.Бұған қоса, осы жылдың қыркүйек айында 141453 га жерге орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілді.

Қазіргі таңда Арал, Қазалы, Қармақшы орман мекемелерімен сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<