Фитосанитариялық жұмыстар сапалы жүргізілді

604

0

Фитосанитариялық қауіпсіздік – аграрлық саладағы ең өзекті мәселенің бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру, әсіресе, елімізге жаңа нарықтың ашылуы бұл өңірімізде фитосанитариялық қауіпсіздік саласын одан әрі нығайтуды қажет етеді.

Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақса­тында облыс әкімінің 2017 жылғы 7 сәуір­дегі №507-ө санды өкімімен жұ­мыс­шы тобы құрылды.

Осы жұмыс тобы биыл да өз жұмысын жалғастырып, ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шараларды өз деңгейінде атқарды. 

Облысымызда зиянкестердің ішінде ең қауіптісі ретінде ита­лиялық прус және азиялық шегіртке түрлері тіркелген.

Биыл облысымызда ерекше қауіпті шегірткеге қарсы 143592 гектарға өңдеу жұмыстары жүр­гізілді.

Барлығы 1270,0 мың гектар аумаққа мониторингтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 29 автокөлік, 32 маман, келісім-шарт бойынша 26 зерттеуші қатысты.

Осы химиялық өңдеу жұмыстарын «ЗапКазФумигация» ЖШС, «Авия компания Дельта-юг» ЖШС, «НАК Казавия» ЖШС және ЖК «Аккөзов» жүргізді. Барлығы 25 техника агрегаттары, 1 дана аэрозольді генератор, 4 жеңіл ұшақ, 2 ұшақ және 4 моторлы бүріккіш қолданылды. Фитосанитариялық жұмыстар мамырдың 29-на басталып, 2 шілдеде аяқталды.

Жалпы, биыл ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары сапалы әрі тиімді жүргізілді.              

Нәтижесінде ауыл шаруашы­лығы дақылдарына және жайылым­дық жерлерге ешқандай залал келген жоқ.

Қазіргі уақытта «РФДжБӘО» РММ облыстық, аудандық филиалы мамандары зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы жазғы-күзгі мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Оған инспекция тарапынан бақылау жасалуда.

Жаннат ДҮЗЕЛБАЕВА,

  ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық 

инспекция  басшысының м.у.а.                                

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<