Flash-семинар: Мұғалімнің кәсіби даму шеңберіндегі іс-әрекет

1219

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Орынкүл Жұматайқызының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби даму шеңберіндегі іс-әрекет» тақырыбында flash-семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау.

Flash-семинар барысында мұғалімдер:

̶  Мұғалімнің кәсіби өсу бағыты көрсеткіштерін;

̶  Мұғалімнің кәсіби өсуінің картасы үлгісін;

̶ Оқушының жеке тұлғалық дамуына, өзіндік өсу бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығы, шеберлігі рөлінің маңыздылығын меңгерді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі – оқыту үдерісі сапасының негізгі көрсеткіші екендігіне тұжырым жасап, мұғалімдердің кәсіби өсу бағытындағы іс-әрекеттеріне талдау жасалды.

Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп мұғалімдері тренерге өз сауалдарын қойып, кері байланыс орнатып отырды.

Шара соңында мектеп әкімшілігі институт ұжымының біліктілікті арттыру бағытындағы сапалы әрі сындарлы жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Орынкүл Мыханова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының

аға оқытушысы, тренер

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<