Forte Bank-ке шабуыл жасалды ма – банк жауап берді

522

0

Forte Bank өзіне шабуыл жасалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Forte Bank филиалына шабуыл жасалған жоқ.

«Банктің қауіпсіздік қызметі арнайы жаттығулар өткізді, бұл туралы бөлімшеде болғандардың барлығына хабарланды», – деп жауап берді банк.

Еске салайық, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.

Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босатты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.

Сонымен бірге, аталған жағдайдан кейін банктерге қауіпсіздік бойынша ұсынымдар беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<