Франция елшісімен кездесті

558

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті.

Аймақ басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынас орнағанын атап өтіп, елшінің жұмыс сапары жемісті әрі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.

«Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қызылорда облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 244,3 мың АҚШ долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе өскен. Аймақтан негізінен балық және өсімдік өнімдері экспортталса, Франциядан трактор, пластмассадан жасалған бұйымдар және тоқыма өнімдері импортталуда. Өз кезегімізде біз шетелдік әріптестерден, оның ішінде, француз компанияларынан инвестиция тартуға қызығушылық танытамыз. Жаңа жобаларды орналастыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымы жеткізілген арнайы индустриялық аймақтар жұмыс жасауда. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге шақырып, инвесторлармен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайын екенімізді жеткіземін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде, Дидье Канесс облыс әкіміне ризашылығын, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетін білдірді.
Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Франция Елшісі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, жұмысымен танысты. Әрі қарай Канесс мырза Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет» шеңберінде аймақтағы университеттер арасындағы кейс-чемпионатқа қатысады. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректорымен кездеседі деп жоспарлануда.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<