Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарды және түзеу мекемесінен босап шығып келген азаматтарды қоғамға бейімдеу және олармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында футболдан шағын турнир ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шараға есепте тұрған барлығы 20 сотталған қатысып, 4 құрама команда жасақталды. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалануды, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен тартысты өткен спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды «Ақ барыс» командасы иеленсе, ІІ орынға «Қайсар» командасы тұрақтады, ал «Қыран» командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, ойыншылар арасынан үздіктер анықталып, оларға аталымдар табыс етіліп, «Жастар еңбек жасағының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қызылорда қалалық пробация қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<