Футболшы Неймарға операция жасалды

594

0

Фото: ашық дереккөз

«Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Неймар да Силва Сантос Жуниордың жарақаттанған тобығына операция жасалып, ол оңалту курсын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Операция Катарда жасалған.

«Бүгінгі медициналық мәлімет оң жақ тобығын жарақаттап алған Неймарға қатысты. Оған Дохадағы Аспетар ауруханасында ота сәтті жасалды», – делінген ақпаратта.

Неймар 19 ақпан күні Франция чемпионаты аясында «Лилльмен» болған матчта буын сіңірінің созылуынан ойыннан шығып қалған еді. Бұған дейін 31 жастағы Неймар 3-4 ай оңалып, биылғы маусым соңына дейін алаңға оралып үлгермейтіні туралы жазылған болатын.

Футболшы Неймарға операция жасалды

Биылғы маусымда Неймар түрлі турнирлер аясында 29 матчта ойнады. Нәтижесінде 18 гол соғып, голмен аяқталған 17 сәтті пас берді. Өткен жылдың соңында ол Бразилия құрамасының сапында Катардағы Әлем чемпионатына қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<