«Талапқа бағыну – тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз»

976

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде айтылды.


Жалпы, аймағымызда коронавирус індетімен сырқаттанған 2 859 адам тіркелді. Осы күнге дейін науқастардың 1965, яғни 69% жазылып шықты. Covid-19 инфекциясынан облыс бойынша 7 науқас қайтыс болған.


Эпидмаусым басталғанда облыста барлығы 976 төсекорын дайындалды. Оның 135-і инфекция, 241-провизор, 600-карантиндік орын. Бүгінгі күні олардың саны 2405-ке артты.


«Қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек орын резервіміз бар. Оның ішінде инфекциялық 200 және провизорлық 300 орын әзірленді. Облыста 6 компьютерлік томограф қызмет көрсетеді. Оның 4-еуі облыс орталығында, 2-еуі ауданда орналасқан. Қосымша аппарат алуға демеушілерді тарту мәселесі қарастырылуда», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Жиын соңында облыс әкімі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.


«Алдымызда барша мұсылман қауымының асыға күтетін Құрбан айт мерекесі келе жатыр. Кеше ғана облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданып, қаулыға сәйкес құрбан шалу рәсімдері онлайн форматта ұйымдастырылды. Сондықтан, жақындарымыздың амандығы мен саулығы үшін көпшілік шаралардан бас тартып, жамағат болып жиналмай, отбасында атап өтуге шақырамын. Сақтық шараларына аса мән беріп, талаптарға бағыну – тек өзіміздің денсаулығымыз үшін ғана емес, тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз, ол саналы түрде басты ұстанымымыз болу керек!», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<