Газ құбырлары жаңартылған

866

0

Жуырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облыстық департаментінің ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті.

Онда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының инвестициялық міндеттемелерінің орындалуы жайлы айтылды.

Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өңірлік филиалының теңгерімінде 2336 шақырымнан астам газ құбыры бар. 2022-2023 жылдарға арналған жылыту маусымына орай нысандардың қауіпсіз, ақаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеу жүргізілген.

Баспасөз туры барысында қала көлемінде екі газ құбырлары орналасқан бекетке бардық. Онда мамандар газ құбырларының жаңаланған тетіктерін көрсетті.

– Мердігер мекемелермен келісімге отырып, арнайы белгіленген уақыт ішінде жұмыстың сапалы әрі тез аяқталуы қатаң тапсырылады. Биылғы жасалып жатқан жұмыстар тамыз-қыркүйек айларында аяқталады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары негізінде газ қысымының реттегішін ауыстыру, бекіту арматурасы мен қазандықтары қайта қалпына келтірілетін болады. Газ қысымы жоғары болғандықтан, оған үлкен деңгейдегі сапалы құрылғылар пайдаланылады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өңірлік филиалының 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының жалпы сомасы 99492 мың теңге. Технологиялық жабдықтарды ауыстыру дер кезінде аяқталмақ. Бұл мақсаттағы жұмыстар авариялық жағдайлардың туындау тәуекелін төмендетіп, абоненттерді қауіпсіз және үздіксіз, апатсыз газбен жабдықтауды қамтамасыз етпек, – дейді облыстық департамент басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек.   

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»