Газ жүргізу жұмыстарында шикілік болмауы тиіс

555

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы жұмыс сапарымен Төретам кентіне барды.

Төретам кентінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлымен бірге кенттегі көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер мекеменің жұмыс барысын тексерді. Тексеру нәтижесімен мердігер мекеменің өз жұмысын лайықты деңгейде жасамауына байланысты қатаң ескертулер беріп, мекемені жосықсыз деп тану үшін заң орындарына құжат рәсімдеуге тапсырмалар берді.

Ел Президенті «Көгілдір отын 2050 жылға қарай еліміздегі басты қуат көзіне айналады. Қазір алпауыт мұнай газ компаниялары газ өндірісіне ерекше назар аударуда. Қазақстанда бұл сала соңғы 10 жылда толыққанды дамыды. Ендігі кезекте толық, сапалы, тұрғындардың өмір қауіпсіздігін сақтай отырып халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасауымыз керек» – деген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<